Бұл суреттердің де түсірілгеніне 1айдан астам уақыт өтсе де мен үшін өте ыстық. Себебі, бұл жасаған еңбегіміздің жемісі.Бір конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанып, жобамызды қорғауға Екатеринбург қаласына барып қайтқанбыз. Бұл жобаны дайындау барысында атқарылған жұмыстардың ауыр жүгін менімен бірге бөліскен жақын досым, бауырым əрі группаласым Ари. Осы сапарымыз арқылы көптеген білікті, білімді тұлғалармен танысып пікір алмастық, тəжірибе жинадық. Сонымен қатар, қызықты əрі көңілді демалып қайттық. Жалпы бұл жобаның бізге берген пайдасы көп болды. Бұл жоба біз үшін-тəжірибе. Бұл жоба біз үшін-мотивация. Бұл жоба біз үшін-мақтаныш. Бұл жоба біз үшін-үлкен жетістіктердің бірі жəне толағай жеңістердің бастауы болды. Бұл жоба біздің өз күшімізге деген сенімімізді арттырды. Менің бұл жұмыстан шығарған ҚОРЫТЫНДЫМ: өмірде "қолымнан келмейді" деген сөз жоқ! Адамның қолынан бəрі келеді, тек тырысып көру қажет. Əрине, ол үшін ынта, жігер, жасап жатқан жұмысыңа деген үміт пен сенім жəне ең бастысы НИЕТ керек!

Теги других блогов: Екатеринбург жоба тұлғалар